Үш баласы бар Аршавин 2016 жылы қыркүйекте журналист Алиса Казьминға үйлерген еді. 2017 жылы ақпанда олардың қызы дүниеге келді.
Айта кетейік, Аршавин спорттық мансабын аяқтағанға дейін ол "Қайрат" сапында өнер көрсетті. Ол алматылық клубта 2016 жылдың наурыз айынан бастап 2018 жылдың қараша айына дейін ойнады. Барлық турнирлерде алматылық клубта 108 матч өткізіп, 30 гол соғып, 37 ассист жасады. "Қайрат" құрамында Ресей құрамасының экс-капитаны үш рет чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, Кубок пен Қазақстан Суперкубогын ұтып алды. Ол 2018 жылы қарашада спорттық мансабын аяқтады.