Футбол
12 маусым 2022 22:38

Андреа Пирло түркиялық клубтың тізгінін ұстады

©twitter.com/karagumruk_sk

Туриндік "Ювентустің" бұрынғы футболшысы әрі бапкері болған Андреа Пирло Түркияның Суперлигасындағы өнер көрсететін "Фатих Карагюмрюк" командасының бас бапкері атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

43 жастағы маман жаңа командасымен бір жылдық келісімшарт жасаған. 

2021/2022 жылғы маусымда "Фатих Карагюмрюк" командасы 38 ойында 57 ұпай жинап, сегізінші орынға жайғасты. 

Пирло карьерасын 2017 жылы аяқтаған болатын. Ол жалпы карьерасында "Нью-Йорк Сити", "Милан", "Брешиа", "Реджина" және "Интер" командаларының намысын қорғаған. Ал Италия құрамасында ол 116 кездесу өткізіп, 13 гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport