Қазіргі таңда франциялық "Лилль" клубының бас бапкері Давиде Анчелотти мадридтік "Реалды" жаттықтырғысы келетінін айтты. Корольдік клубта ол әкесі Карлоға көмекші болған, деп хабарлайды Vesti.kz.
Анчелотти "Реалға" оралуды армандайды37 жастағы италиялық маман мадридтік клубқа бас бапкер болу басты арманы екенін атап өтті. Алайда бұл үшін ол бапкерлік карьерасында елеулі жетістіктерге жетуі қажет.
Анчелотти ӘЧ-2026-дан кейін "Лилльді" жаттықтыруда"Бас бапкер ретінде "Реалға" оралу - менің арманым. Бірақ мұндай мүмкіндікке лайық болу керек. Барлығы тек "Реалға" ғана емес, өзіме де, жаттықтырушылық карьерамдағы жетістіктеріме де байланысты. Әзірге менде мұндай клубтың бапкерінде болуы тиіс мәртебе жоқ. Бұл мәртебе жеңістердің арқасында қалыптасады. Идеялар мен философияларды күні бойы талқылауға болады, бірақ ең бастысы - жеңіске жету", - деп береді Анчелоттидің сөзін Madrid Universal.
Бұған дейін Давиде Анчелотти әкесі Карлоның "Реалдағы" жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген. 2026 жылдың жазында италиялық маман Бразилия құрамасының ӘЧ-2026-дағы бапкерлер штабына да кірді. Ол жерде Карло Анчелотти бас бапкер қызметін атқарды.
Мундиаль аяқталғаннан кейін Давиде өз алдына бас бапкер ретіндегі алғашқы жұмысын бастап, франциялық "Лилль" клубын басқарды.
37 жастағы маманның жетекшілігімен команда Лига 1-дің бес турында 10 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орында келеді.