26 мамырда Карло Анчелотти ресми түрде "Реалдан" кетіп, жұмысын Бразилия құрамасында жалғастырады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Италиялық маман мадридтіктермен үлкен жеңістерге жеткеніне қарамастан, командада оның әдістеріне наразылар да болғаны кейін анықталып жатыр.
The Athletic мәліметінше, бірнеше жас ойыншы Анчелоттидің кезінде өзіндерін қыспақта болғандай сезінген көрінеді. Мұндай мәлімет маман кеткеннен кейін айтылып жатыр.
Жас ойыншылар арасында Орельен Тчуамени, Эдуардо Камавинга, Арда Гюлер мен Эндрик бар. Оларға көбіне өзгешілігіне қарай жеке жаттықтыру әдісі болмағаны ұнамаған екен.
"Реалда" Анчелотти кезінде әрбір футболшымен жеке жаттықтырушылар жұмыс істемеген, бұл жас дамып, ілгерлегісі келген жас ойыншылар үшін кедергіге айнала бастады.
Сондай-ақ, тактикалық дайындыққа қатысты да жағдай көңіл көншітерлік еместей болған сияқты. Команданың жастары жаттықтырушылар құрамының стратегиялық дайындық пен ойынды талдауға жеткілікті көңіл бөлмеді деп есептейді. Олардың пікірінше, тактикалық жұмыстың өткізілмеуі маусымның маңызды матчтарындағы нәтижелерге әсер етті.
Тағы бір атап өтетін жағдай - толық ротацияның болмауы. Анчелотти тек сыннан өткен негізгі құрамға сенетін, ал басқа футболшылар, оның ішінде жоғарыда аталған төрт ойыншы да, үнемі бастапқы құрамда болмай, кейде алаңға мүлде шықпаған.
Бұл команда ішінде шиеленісті күшейтті және жас ойыншылар өздерінің потенциалын көзге ілмей жүр деген шешімге келді.
Анчелотти клуб тарихында құрметті тұлға болып қала бермек, дегенмен, оның кетуі жаңа дан келетін бапкерлерге жас футболшылардың өсуіне мүмкіндік беру мәселесіне басқаша қарауға ықпал етуі мүмкін. Әсіресе, дәл осы ойыншлар "Реалдың" негізі құрамына айналатынын есерген жөн.
Жарнама