Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти "Сантос" шабуылшысы Неймар Жуниорды 2026 жылғы әлем чемпионатына бір ғана шартпен шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешім ойыншының бабына байланысты
Бразилиялық UOL басылымының мәліметінше, Бразилия футбол конфедерациясы өкілдері Неймардың ұлттық құрама тізіміне енуі оның қазіргі физикалық дайындығына және жоғары деңгейде ойнауға дайын болуына тікелей байланысты екенін айтқан.
Сонымен қатар, дереккөздер италиялық маманның Неймарға қатысты ерекше жеке симпатиясы жоқ екенін жазады. Сондықтан шешім тек спорттық қағидалар негізінде қабылданады.
Бразилия Неймарсыз дайындалуда
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық жүргізіп жатыр. Турнир АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Айта кетейік, Неймар ұлттық құрама сапындағы соңғы матчын 2023 жылдың қазан айында өткізген. Сол кездесуден кейін ол тізе буынындағы айқас байламын ауыр жарақаттады.
Неймар - Бразилия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген. Оның еншісінде 79 гол бар. Сондай-ақ, 128 матч өткізіп, ұлттық команда сапында ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде екінші орында тұр.
Жарнама