1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 15:56
 

Анчелотти Бразилияның ӘЧ-2026-дағы сәтсіздігіне себеп болған қателікті атады

  Пікірлер

blog.share

Анчелотти Бразилияның ӘЧ-2026-дағы сәтсіздігіне себеп болған қателікті атады ©Depositphotos/thenews2.com

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздікке не себеп болғаны жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздікке не себеп болғаны жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемнің бес дүркін чемпиондары турнирдегі жорығын 1/8 финалда аяқтап, Норвегия құрамасынан 1:2 есебімен ұтылған болатын.

Италиялық маманның айтуынша, кездесудің шешуші сәті су ішуге берілген үзілістен кейін басталған.

"Менің ойымша, су ішуге арналған үзілістен кейін бетбұрыс алды. Өйткені оған дейін біз матчты толық бақылауда ұстадық. Норвегиялықтардың өз алаңында допты көп ұстағаны рас. Олар Англияға қарсы матчта да дәл осылай ойнап, жеңіске жетуге жақын болды.

Мүмкін, дәл осы жерде мен қателестім. Біз ойынды бақылаудан айырылдық деп ойлап, бірнеше ойыншыны ауыстырдым. Содан кейін Холанд бізге гол соқты", – деді Анчелотти ESPN басылымына.

Айта кетейік, Норвегия құрамасы кейін ширек финалға дейін жетіп, тек қосымша уақытта Англиядан 1:2 есебімен ұтылды.

Ал 2026 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған Испания финалда Аргентинаны 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!