Анчелотти әлемдегі ең мықты футболшыны атады

©AFP 2024 / ANNE-CHRISTINE POUJOULAT

"Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти өзі жаттықтырған футболшылар арасында Зинедин Зидан ең мықты болғанын айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Зидан мен жаттығуда бұрын-соңды көрген ең мықты футболшы болды. Ол шынымен ғаламат дүниелер жасайтын. Мен Испанияға келгенде маған оңай болған жоқ, сол кезде Зидан клубты жақсы білетін және маған өте пайдалы болды. Ол маған франциялық ойыншыларға дұрыс жол табуға жәрдемдесті, сонымен бірге, испаниялық мәдениет пен тілге бейімделуге көмектесті. Ол маған расымен көп жақсылық жасады", - деп береді маманның сөзін ITASportPress.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport