Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатында командасы үшін шешуші маңызға ие матчты атады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Италиялық маманның пікірінше, турнирдегі алғашқы кездесу құраманың бүкіл жарыстағы нәтижесіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан топтық кезеңнің алғашқы турында Марокко құрамасына қарсы өтетін матч бразилиялықтар үшін ерекше маңызға ие.
"Әлем чемпионатындағы алғашқы ойын өте маңызды. Тіпті оны ең маңызды матч деуге болады. Әрине, барлық кездесудің маңызы зор, бірақ6 мен топтық кезеңді турнирлік кестенің бірінші орнында аяқтағанымызды қалаймын", - деп береді Анчелоттидің сөзін AlmarssadPro.
Бразилия мен Марокко құрамалары арасындағы матч 14 маусым күні АҚШ-тағы "Метлайф" стадионында өтеді.
Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен сағат 03:00-ге жоспарланған.