Американың футбол федерациясы жастар академиясын жабуға мәжбүр болды

Сурет: FootBoom
АҚШ футбол федерациясы (US Soccer) коронавирус пандемиясының қаржылық салдарынан Жастар футболын дамыту академиясын жапты, - деп хабарлайды федерацияның ресми сайты. 

Академия 2007 жылы құрылған және бес жас аралығындағы топтардың жарысын ұйымдастырумен айналысатын.

"Бұл өте ауыр шешім болды, алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған өзгеше және күтпеген жағдай қаржылық қиындықтарға әкелді. Осының салдарынан академия бағдарламасын болашақта жүргізу мүмкін болмайды", - делінген хабарламада. 

US Soccer мәлімдемесінен кейін Футболдың жоғары лигасы (MLS) ресми сайтында жаңа жастар платформасы ашылатынын хабарлады. Мұнда MLS клубтарының және оған кірмейтін, жабылып қалған футболды дамыту академиясының бағдарламасына қатысқан командалар жарысқа түседі.