| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:33
 

Америкалық клуб ресми түрде Левандовскимен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

Америкалық клуб ресми түрде Левандовскимен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді ©Depositphotos/mrogowski_photography

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски карьерасын АҚШ-тың MLS лигасында жалғастырады. "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы ресми түрде "Чикаго Файр" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски карьерасын АҚШ-тың MLS лигасында жалғастырады. "Барселонаның" бұрынғы шабуылшысы ресми түрде "Чикаго Файр" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

37 жастағы футболшының трансфері туралы Чикаго клубының баспасөз қызметі ресми мәлімдеді. Клуб өкілдері Левандовскиді қазіргі заманның ең үздік шабуылшыларының бірі әрі Польша құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген деп атады.

"Біз әлемдік футболдың аңызы әрі Польша құрамасы тарихындағы ең үздік бомбардир Роберт Левандовскимен келісімшарт жасадық", - делінген клубтың X әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

"Барселонадағы" кезеңі

Левандовски соңғы төрт маусымда "Барселонаның" намысын қорғады. Оның каталониялық клубпен жасасқан келісімшарты 30 маусымда аяқталды.

Өткен маусымда тәжірибелі шабуылшы барлық турнирде 46 матч өткізіп, 19 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Жалпы алғанда, поляк футболшысы "Барселона" сапында 193 матчқа қатысып, 120 гол соқты және 24 нәтижелі пас авторы атанды. Каталониялық клубпен бірге ол жеті трофей жеңіп алды. Соңғы маусымында командаға Испания чемпионы атануға көмектесті.

Бұған дейін Левандовски Сауд Арабиясы чемпионатына ауысу мүмкіндігін де қарастырғаны хабарланған еді. Қазіргі уақытта "Чикаго Файр" MLS Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде үшінші орында келеді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!