Футбол
30 маусым 2021 14:49

Америка Кубогы: плэй-офф жұптары анықталды

Cурет: copaamerica.com

Бразилияда өтіп жатқан Америка Кубогінің плэй-офф кезеңінде бақ сынайтын барлық жұптар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойындар 3 және 4-шілде күндері болады.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша А тобынан Аргентина, Уругвай, Парагвай, Чили, ал В тобынан Бразилия, Перу, Колумбия және Эквадор құрамалары плэй-офф кезеңінде ойнауға мүмкіндік алған болатын.

3-шілде күні Перу - Парагвай және Бразилия - Чили ойнаса, 4 шілдеде Уругвай - Колумбия және Аргентина - Эквадор жұптары өнер көрсететін болады.