Футбол
2 мамыр 2019 11:31
 
"Алтын қолғап" иеленген қақпашыға футбол ойнауға тыйым салынды

  Пікірлер

blog.share

"Алтын қолғап" иеленген қақпашыға футбол ойнауға тыйым салынды Сурет Football.ua

"Порту" қақпашысы Икер Касильясқа футболшы карьерасын аяқтауға тура келеді. AS басылымына берген сұхбатында кардиолог дәрігер Хуан Антонио Корбалан осындай пікір білдірді. 

1 мамырда футболшы жүрек талмасымен ауруханаға жатқызылды. Өзін жаттығу кезінде нашар сезінген футболшыға ота жасалды. Қақпашы маусым аяғына дейін ойын алаңына шыға алмайды.

Дәрігердің сөзінше, голкипер коронарлы стент диагнозымен ары қарай футбол ойнай алмайды. "Икер қалыпты өмір сүре алады, бірақ, спортпен кәсіпқой деңгейде айналыса алмайды", - дейді кардиолог. 

Футболшының өзі Twitter желісінде, жаңдайы оңалғанын жазып, жанкүйерлеріне қолдау үшін алғысын білдірді.

Касильяс мадридтік "Реалдағы" ойындарымен танымал, оның сапында футболшы Испания чемпионатын бес рет, үш рет Чемпиондар лигасын, екі рет УЕФА суперкубогын ұтқан. ОАР-да 2010 жылы өткен Әлем чемпионатында ол турнирдің ең үздік қақпашысы атанып, "Алтын қолғап" сыйын иеленген.

Жарнама

Живи спортом!