1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
2 наурыз 14:58
 

"Алтын доптың" 8 дүркін иегері Месси атақты Пеленің рекордына жетті

  Пікірлер

blog.share

"Алтын доптың" 8 дүркін иегері Месси атақты Пеленің рекордына жетті ©"Интер Майами" ФК

"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері Лионель Месси әлем футболындағы аңыз мәртебесін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Алтын доптың" сегіз дүркін иегері Лионель Месси әлем футболындағы аңыз мәртебесін тағы да дәлелдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Флорида дербиіндегі дубль

38 жастағы аргентиналық шабуылшы МЛС тұрақты чемпионатында Интер Майами сапында Орландо Сити клубына қарсы өткен сырт алаңдағы кездесудің басты қаһарманына айналды.

Матч 4:2 есебімен "Интер Майамидің" пайдасына аяқталды. Месси дубль авторы атанып, голдарының бірін айып соққысынан тікелей соқты.

Тарихи көрсеткіш

Sportstar мәліметінше, бұл гол Мессидің карьерасындағы айып алаңынан соққан 70-ші добы болды. Осылайша, ол бразилиялық футбол аңызы Пеле көрсеткішімен теңесті.

Қазір Месси мен Пеле футбол тарихында айып аалңынан ең көп гол соққан ойыншылар тізімінде екінші орынды бірге бөлісіп тұр.

Бұл рейтингте абсолютті көшбасшы — Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі франциялық "Лион" клубында өнер көрсеткен Жуниньо Пернамбукано. Оның еншісінде айып алаңынан соғылған 77 гол бар.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!