Футбол сарапшысы Александр Гришин аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін алу мүмкіндігіне баға берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Интер Майами" клубының 39 жастағы шабуылшысы France Football ұйымдастыратын беделді жеке марапатқа үміткер 30 футболшының қатарына енді.
"Бұл әдемі тарих болар еді"Маманның пікірінше, биылғы жылдың үздік ойыншысы - Родри. Алайда Гришин жүлдені Лионель Мессиге табыстағанды жөн санайды.
"Алтын доп" иегері қашан анықталады?"Родри - үздік ойыншы, бірақ мен жүлдені Мессиге берер едім. Бұл әдемі тарих болар еді. Месси өз құрамасында үздік болды - ол команданы соңына дейін сүйреді", - деді Гришин "Матч ТВ" эфирінде.
2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесінің иегері 26 қазанда белгілі болады. Марапаттау рәсімі Лондонда өтеді.
Месси "Алтын допқа" үміткерлердің қысқа тізіміне 17-рет енді.
Месси - "Алтын доп" саны бойынша рекордсменЛионель Месси "Алтын допты" ең көп жеңіп алған футболшы саналады. Аргентиналықтың еншісінде сегіз марапат бар. Оның ең жақын ізбасары Криштиану Роналдудың қоржынында бес "Алтын доп" бар. Ал Родри 2024 жылы "Алтын доп" иегері атанған.