"Алтын допты" биыл алатын ойыншының есімі айтылды

©instagram.com/francefootball

Испаниялық Marca басылымы 2023/24 маусымның үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" сыйымен кім марапатталатынын жазыпты. 

Дереккөз мәліметінше, бұл марапатты "Реал" шабуылшысы Винисиус Жуниор алады. Тіпті, бразилиялық футболшы 28 қазан Париждегі "Шатл" театрындағы марапаттау рәсімінде France Football сыйын алатынын біліп отырғаны да айтылуда. 

Сонымен қоса, Nike Винисиус "Алтын допты" алғаннан кейін (екі күннен соң) Мадридтің басты көшесі Гран-Виада дүкен ашпақ. Атақты бренд Жуниорға арнап алтын бутсылар дайындап қойған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар