Футбол
23 қыркүйек 09:37
 

"Алтын допты" алғанда Дембеле тоқтай алмай жылады

  Пікірлер

blog.share

"Алтын допты" алғанда Дембеле тоқтай алмай жылады ©Reuters

"Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле маусымның үздік футболшысына France Football журналы, УЕФА және L’Équipe бірлесіп табыстайтын "Алтын доп" жүлдесін алғаннан кейінгі әсерін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле маусымның үздік футболшысына France Football журналы, УЕФА және L’Équipe бірлесіп табыстайтын "Алтын доп" жүлдесін алғаннан кейінгі әсерін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Салтанатты марапаттау рәсімі дүйсенбі күні Парижде өтті. Жүлдені 2005 жылғы "Алтын доп" иегері бразилиялық Роналдиньо табыстады. Дауыс беру қорытындысы бойынша екінші орынды "Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямаль иеленсе, үшінші орын ПСЖ-дағы португалиялық Витиньяға бұйырды.

"Баршаңызға рақмет. Менің басымдағы жағдай, бұл керемет. Сөз таба алмай тұрмын. Бұл ПСЖ құрамындағы тамаша маусым болды. Мұндай жүлдені жеңіп алып, оны Роналдиньодан алу - ерекше сезім. ПСЖ клубына, оның президентіне, бүкіл ұжымға алғыс айтамын – бұл менің үлкен отбасым. Бапкер Луис Энрикеге рахмет, ол маған әкемдей болып кетті. "Ренн", "Боруссия", "Барселона" клубтарына да алғыс айтамын – мен ол жерлерде Месси мен Иньеста секілді ойыншылардан көп нәрсе үйрендім. Бұл мен үшін баға жетпес тәжірибе. Қатты толқып тұрмын", – деді Дембеле сахнада.

"Алтын допты" жеңіп алған сәтте Усман Дембеле көзіне жас алды.

"Мен бәрін мақтан тұтамын. Мұндай трофейді иелену керемет қой. Бұл командалық еңбек. Бүкіл әріптестерім мені осы биікке жетеледі. Бақыттымын.

Жылағым келмеген еді, бірақ, көз жасымды тыя алмай тұрмын. Әсіресе, отбасым жайлы айтып жатқанда, барлығы кенеттен келіп, тұла бойымды шарпып өтті.

Соңына дейін бейхабар болдым. Әрине, клуб қызметкерлерінен қандай да бір ақпарат алуға тырыстым, бірақ ештеңе айтпады. Енді осы кешті атап өтемін – бұл ұмытылмас сәт", – деп келтіреді француз футболшысының сөзін L’Équipe басылымы.

Өткен маусымда Усман Дембеле ПСЖ сапында Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогін, Франция чемпионатын, ел Кубогі мен Суперкубокті жеңіп алды, сондай-ақ, клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!