Vanguard басылымы 2026 жылдың қорытындысы бойынша футболдағы ең беделді жеке жүлде - "Алтын допқа" басты үміткерлердің бестігін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Алтын доп-2026"-ның басты фавориті аталдыБірінші орынға "Барселона" жартылай қорғаушысы әрі Испания құрамасының капитаны Родри Эрнандес жайғасты. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанған болатын.
Екінші орында Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн тұр. Мюнхендік "Бавария" форварды Еуропаның "Алтын бутсы" жүлдесін иеленіп, беделді жеке марапат үшін күрестегі мүмкіндігін күшейтті.
Үшінші фаворит ретінде "Барселонаның" тағы бір ойыншысы, 18 жастағы Ламин Ямаль аталды. Испаниялық футболшы клубтық және халықаралық деңгейде жарқын маусым өткізді.
Төртінші орынға Франция құрамасы мен мадридтік "Реалдың" көшбасшысы Килиан Мбаппе орналасты.
Бестікті 39 жастағы "Интер Майами" шабуылшысы әрі Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси түйіндеді. 2026 жылғы әлем чемпионатында аргентиналық футболшы турнирдің ең нәтижелі ойыншыларының бірі болып, командасының финалға дейін жетуіне үлес қосты.
Vanguard нұсқасы бойынша "Алтын доп-2026"-ның бес фавориті:
Родри Эрнандес (Испания, "Барселона")
Харри Кейн (Англия, "Бавария")
Ламин Ямаль (Испания, "Барселона")
Килиан Мбаппе (Франция, "Реал")
Лионель Месси (Аргентина, "Интер Майами")
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен сарапшылардың болжамдарында "Алтын доптың" басты үміткері ретінде Харри Кейн жиі аталған еді.
2026 жылдың қорытындысы бойынша жүлдені табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда (Англия) өтеді.
"Алтын доптың" қазіргі иегері "Пари Сен-Жермен" және Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле. Франциялық футболшы бұл марапатты 2025 жылдың қорытындысы бойынша алған.