Zonal Sports порталы "Алтын допқа" үміткерлердің жаңартылған тізімін жариялады. Жаңа тізімде Килиан Мбаппе тек 14-орында тұр, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тізімде әлі де "Пари Сен-Жерменнің" франциялық жартылай шабуылшысы Усман Дембеле көш бастап тұр. Одан кейін "Барселонаның" жас жұлдызы Ламин Ямаль мен бразилиялық Рафинья орналасқан.
Төртінші сатыда тағы бір ПСЖ ойыншысы, португалиялық Витинья. Ал үздік бестікте "Ливерпуль" командасының көшбасшысы Мохаммед Салах тұр екен.
Топ-10 тізімде ары қарай Жоау Невеш, Ашраф Хакими, Педри, Роберт Левандовски және Нуну Мендеш бар.
Үздік ондықта "ПСЖ" мен "Барселона" ойыншылары басым.
Zonal Sports ұсынған "Алтын доп – 2025" марапатына үздік 10 үміткер:
1. Усман Дембеле (Франция, ПСЖ)
2. Ламин Ямаль (Испания, Барселона)
3. Рафинья (Бразилия, Барселона)
4. Витинья (Португалия, ПСЖ)
5. Мохаммед Салах (Мысыр, Ливерпуль)
6. Жоау Невеш (Португалия, ПСЖ)
7. Ашраф Хакими (Марокко, ПСЖ)
8. Педри (Испания, Барселона)
9. Роберт Левандовски (Польша, Барселона)
10. Нуну Мендеш (Португалия, ПСЖ)
"Алтын допты" табыстау рәсімі 22 қыркүйек күні Париж қаласындағы "Шатле" театрында өтеді.