Bleacher Report порталы Усман Дембелені "Алтын допқа" басты үміткерлер рейтингінің көшбасына қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПСЖ клубының франциялық вингері тек командадағы серіктестерінен ғана емес, бүкіл маусымның басты жұлдыздарынан да озып шықты.
Мұндай құрмет не үшін берілді?
Ресурс сарапшылары Дембеленің негізгі артықшылықтарын атап өтті: бүкіл маусым бойы көрсеткен тұрақтылық, плей-офф кезеңіндегі әсерлі ойындар және ПСЖ нәтижесіне шешуші сәттерде жасаған ықпалы. Олардың пікірінше, дәл осы факторлар оны жылдың ең құнды ойыншысы етті.
Екінші орын "Барселона" ойыншысы Рафиньяға бұйырса, үшінші орынды 17 жастағы Ламин Ямаль иеленді. Одан кейінгі тізімде - Хакими, Салах, Витинья, Кварацхелия, Фабиан Руис және Нуну Мендеш.
Ал үздік ондықты Килиан Мбаппе қорытындылады, бұл көпшілік үшін күтпеген жағдай болды. Ол тек Дембеледен ғана емес, басқа танымал емес командаластарынан да төмен нәтиже көрсетті.
Себептері қандай?
Bleacher Report мәліметінше, "Реалға" жасаған даулы трансфер аясында Мбаппенің ПСЖ маусымына қосқан үлесі күткендей жоғары болмады. Аз гол, аз ықпал, көп үміт – және аз "доп".
"Алтын допқа" үміткерлер тізімі:
Усман Дембеле (ПСЖ)
Рафинья Диас ("Барселона")
Ламин Ямаль ("Барселона")
Ашраф Хакими (ПСЖ)
Мұхаммед Салах ("Ливерпуль")
Витинья (ПСЖ)
Хвича Кварацхелия (ПСЖ)
Фабиан Руис (ПСЖ)
Нуну Мендеш (ПСЖ)
Килиан Мбаппе ("Реал").
Жарнама