Футбол әлемі үшін жылдың ең асыға күтетін сәттерінің бірі жақындап қалды – "Алтын доп" жүлдесін ұйымдастырушылар номинанттардың есімдері қай күні аталатынын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ballon d'Or премиясының X (бұрынғы Twitter) желісіндегі ресми парақшасы хабарлағандай, футболдағы ең беделді жеке марапатқа үміткерлер тізімі 7 тамыз күні жарияланады. Ал 22 қыркүйекте Париж қаласында салтанатты марапаттау кеші өтеді.
Өткен маусымда бұл марапат Испания құрамасының және ағылшындық "Манчестер Сити" клубының жартылай қорғаушысы Родриге бұйырған болатын. Оның команданың жеңістеріне қосқан үлесі шешуші болды деп есептелді. Сол жолы "Реал Мадрид" сапында керемет маусым өткізген Винисиус Жуниор мен Джуд Беллингем де жүлдеге жақындаған еді.
Айта кетейік, "Алтын доп" жүлдесі 1956 жылы France Football журналы тарапынан тағайындалған және содан бері футболдағы жеке шеберліктің ең жоғары белгісі ретінде белгілі.
???? ??? ???? ⌛ pic.twitter.com/nMLkbcXZ0h
— Ballon d'Or (@ballondor) June 12, 2025
Жарнама