Карим Бензема "Әл-Хиләл" клубынан жақын күндері кетуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Саудиялық клуб франциялық шабуылшысы "Әл-Насрмен" өткен маусымда чемпиондық үшін күрестегі сәтсіздіктің басты себепкері бірі деп санайды.
Topskills Sports UK мәліметінше, "Әл-Хиләл" бас бапкері Симоне Индзаги бастапқыда Бенземаның трансфері қатты қажетдеп ойламаған. Бұдан бөлек, жаттықтырушылар штабы франциялық ойыншы клубқа үлкен айлық пен пайда үшін ғана келген деген ойда бодған екен.
Қолданыстағы келісімшарт бойынша 2022 жылғы "Алтын доп" иегерінің жылдық табысы шамамен 144 миллион еуроны құрайды.
Енді "Әл-Хилал" басшылығы Бенземаға жаңа клуб іздей бер деген көрінеді. Ендігіде франциялық шабуылшы бұған дейін өнер көрсеткен "Әл-Иттихадқа" қайта оралуы мүмкін.
Бенземаның өзі бұл жағдайға наразы. Ақпаратқа сәйкес, 38 жастағы футболшы "Әл-Хилалдың" шешімін клуб тарапынан жасалған сатқындық деп қабылдапты. Карим өзінің болашағына қатысты соңғы шешімді әлі қабылдаған жоқ. Алайда ол тезірек нақты таңдау жасауы қажет. Өйткені футболшының клубтағы жағдайы күрделі болып тұр.
Карим Бенземаның карьерасы мен жетістіктеріКарим Бензема - өз буынының ең атақты футболшыларының бірі. Ол өзінің басты жеке жүлдесін 2022 жылы иеленіп, "Алтын доп" иегері атанды. Сол жылы ол УЕФА нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысы деп танылды. Бенземаның жеке жетістіктерінің қатарында Францияның жылдың үздік футболшысына берілетін төрт марапат және 2021/22 жылғы маусымда Ла Лиганың үздік сұрмергені атануы бар.
Бензема негізгі трофейлерінің басым бөлігін мадридтік "Реал" сапында жеңіп алды. Ол клубта 2009-2023 жылдар аралығында өнер көрсетті. Мадридтік командамен бірге Бензема бес рет Чемпиондар лигасын, төрт рет Испания чемпионатын, үш рет Испания Кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар Испания Суперкубогы мен УЕФА Суперкубогында төрт реттен топ жарды. Бұдан бөлек, франциялық бес рет Клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алған.
Мадридке ауысқанға дейін Бензема "Лион" сапында ойнады. Франциялық клубпен бірге ол қатарынан төрт рет ел чемпионы атанып, Франция Кубогы мен екі Суперкубокты жеңіп алды.
Франция құрамасымен шабуылшы 2021 жылы УЕФА Ұлттар лигасында жеңіске жетті. Ал 2004 жылы 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатында чемпион атанды.