"Алтын доп" иегері Паоло Росси ауыр науқастан көз жұмды
Италиялық бұрынғы шабуылшы әлем чемпионы және 1982 жылғы "Алтын доп" иегері 65 жастағы Паоло Росси қайтыс болды, - деп хабарлайды Gazzetta dello Sport газеті.
Италиялық бұрынғы шабуылшы әлем чемпионы және 1982 жылғы "Алтын доп" иегері 65 жастағы Паоло Росси қайтыс болды, - деп хабарлайды Gazzetta dello Sport газеті.
Дереккөз мәліметінше, танымал футболшы өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмған.
Сонымен қатар, 1982 жылы Росси "Алтын допты" алып, әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды. Италиялық спортшы World Soccer нұсқасы бойынша XX ғасырдың ең ұлы футболшылар тізіміне кіреді.
Ол Италия құрамасы сапында 48 матч өткізіп, 20 гол соққан. "Ювентус", "Комо", "Виценца", "Перуджа", "Милан" және "Верона"клубтарында ойнаған.
"Ювентус" сапында Росси екі рет Италия чемпионы атанып, Еуропа чемпиондар кубогын жеңіп алған.
Жарнама