Футбол
Бүгін 09:55

"Алтын доп" иегері Фликтің қоңыраунан кейін "Барселонаға" ауысатын болды

©Depositphotos/canno73

Журналист Нил Сола таратқан сенсациялық инсайд расталды: "Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы, 2024 жылғы "Алтын доп" иегері Родри "Барселонаға" ауысуға келісім берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Каталониялық клуб футболшыдан ағылшын командасымен ресми келіссөздер жүргізуге рұқсат алды.

Ханси Фликтің қоңырауы

Оқиғаның өрбуі "Барселонаның" бас бапкері Ханси Фликтің Родриге жеке қоңырау шалуынан басталған. Неміс маманы жартылай қорғаушыға оның командадағы рөлі қандай болатынын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Родриді каталониялық клубтың спорттық жобасы шын мәнінде қызықтырған. Нәтижесінде ол "көк-анарлылар" басшылығы күткен қадамға барып, ауысуға келісімін берді.

Клуб ресми ұсыныс дайындап жатыр

Әлемнің үздік футболшысынан келісім алғаннан кейін "Барселона" белсенді әрекетке көшті. Қазір каталониялық клуб басшылығы Родридің трансфері үшін "Манчестер Ситиге" алғашқы ресми ұсынысын дайындап жатыр.

Родри "Манчестер Сити" сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол ағылшын клубына мадридтік "Атлетикодан" 70 миллион еуроға ауысқан болатын. 30 жастағы жартылай қорғаушының "Манчестер Ситимен" келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды.
 
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport