"Алтын доп" иегері Бензема "Әл-Иттихад" үшін алғашқы голын салды

©Твиттер

"Әл-Иттихад" шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясында алғашқы голын салды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Франциялық форвард тунистік "Эсперансамен" мачте көзге түсті. Бұл кездесу Араб чемпиондары кубогі аясында өтті. Бензема 55-минутта гол салып, командасын жеңіске жеткізді. Ойын жалпы 2:1 есебімен аяқталды. Карим мұның алдындағы голға да ассист жасады. 

Еске салайық, Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік "Реал" үшін өнер көрсеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport