Америкалық Sports Illustrated журналы "Алтын доп" сыйлығына үміткерлердің кеңейтілген рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz. Тізімге 15 футболшы енді. Олардың қатарында Еуропаның топ-клубтарында өнер көрсетіп жүрген жұлдыздармен қатар, әлем футболының аңыздары да бар.
Сарапшылардың айтуынша, үміткерлерді бағалау кезінде маусымның шешуші матчтарға ерекше мән беріледі. Осыған байланысты әлем чемпионаты да "Алтын доп" үшін таласта маңызды рөл атқарып, қорытынды нәтижеге айтарлықтай әсер етуі мүмкін.
Басылым нұсқасы бойынша басты үш фавориттің қатарына англиялық шабуылшы Харри Кейн ("Бавария"), испаниялық жас дарын Ламин Ямаль ("Барселона") және франциялық вингер Майкл Олисе ("Бавария") енді. Қазіргі жүлде иегері Усман Дембеле (ПСЖ) тізімде оныншы орынға жайғасты.
Сондай-ақ, авторлар жүлде саны бойынша рекорд иелері – аргентиналық Лионель Месси ("Интер Майами") мен португалиялық Криштиану Роналду ("Аль-Наср") да бұл бәсекеге қайта қосып отыр.
Топ-15 фавориттер тізімі:
Харри Кейн ("Бавария" / Англия)
Ламин Ямаль ("Барселона" / Испания)
Майкл Олисе ("Бавария" / Франция)
Килиан Мбаппе ("Реал" Мадрид / Франция)
Деклан Райс ("Арсенал" / Англия)
Витинья (ПСЖ / Португалия)
Педри ("Барселона" / Испания)
Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити" / Норвегия)
Лионель Месси ("Интер Майами" / Аргентина)
Усман Дембеле (ПСЖ / Франция)
Бруну Фернандеш ("Манчестер Юнайтед" / Португалия)
Луис Диас ("Бавария" / Колумбия)
Винисиус Жуниор ("Реал" Мадрид / Бразилия)
Рафинья Диас ("Барселона" / Бразилия)
Криштиану Роналду ("Аль-Наср" / Португалия)
Айта кетейік, "Алтын доп" сыйлығына үміткерлердің ресми тізімі Еуропа лигаларындағы маусым аяқталғаннан кейін және 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жарияланады.
Дауыс беру нәтижелері 2026 жылдың тамыз айының соңы – қыркүйектің басында белгілі болады, ал марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде күзде Париждегі "Шатле" театрында өтеді.
Жарнама