Футбол
Бүгін 14:57

"Алтын доп"-2026 мараптанына басты үміткер анықталды

©Depositphotos/thenews2.com

Каталондық "Барселонаның" вингері Ламин Ямаль 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесі үшін күрестегі басты фавориттердің қатарына кірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ямаль неге "Алтын допқа" фаворит атанды?

Kalshi EPL мәліметінше, испаниялық футболшы өткен маусымды тамаша өткізіп, сондай-ақ биылғы маусымды жарқын бастауы, оның мүмкіндігін жоғары етіп отыр. 

Тұрақты өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізген Ямаль беделді жеке жүлдені алу ықтималын нығайтты. Қазір ол "Алтын допты" иеленуге ең елеулі үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Клубтағы және ұлттық құрамадағы жетістіктері

Айта кетейік, Ламин Ямаль 19 жасқа толғанға дейін клуб деңгейінде де, Испания құрамасы сапында да қомақты командалық трофейлер жинады.

"Барселонамен" бірге ол Испания чемпионы атанып, үш рет ел кубогін жеңіп алды, сондай-ақ Испания Суперкубогін екі мәрте иеленді.

Испания құрамасы сапында Ямаль 2024 жылы Еуропа чемпионы атанса, екі жылдан кейін 2026 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетті.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport