Футбол
Бүгін 20:03

"Алтын доп"-2026 марапаттауына бір апта қалғанда жеңімпаз кім болатыны айтылды

©instagram.com/ballondorofficial

Мәскеудің ЦСКА клубында өнер көрсететін бразилиялық жартылай қорғаушы Энрике Кармо 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне басты үміткер ретінде мадридтік "Реал" мен Франция құрамасының шауылшысы Килиан Мбаппені атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кармо Мбаппені таңдады

Беделді жеке марапаттың иегері кім болуы мүмкін деген сұраққа жауап берген ЦСКА легионері Испания құрамасының ойыншыларын да атап өтті. Ол Ламин Ямальды франциялық шабуылшының басты бәсекелестерінің бірі деп санайды. Дегенмен Кармоның таңдауы Мбаппеге түсті.

"Жақсы сұрақ. Испанияның чемпион атанған құрамасынан біреу болуы мүмкін бе? Дегенмен Мбаппе болсын. Ямаль ма? Ол басты бәсекелестердің бірі болады", - деп береді Энрике Кармоның сөзін "Советский Спорт" басылымы.

Мбаппенің 2026 жылғы көрсеткіштері

Өткен маусымда Мбаппе "Реал" сапында 42 гол соқты. Алайда мадридтік клуб бірде-бір жүлде жеңіп ала алмады. Ал әлем чемпионатында франциялық шабуылшы он гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Сонымен қатар Франция құрамасының капитаны әлем чемпионаттарындағы гол санын 22-ге жеткізіп, турнир тарихындағы жаңа рекордтың авторы болды. Дегенмен Франция құрамасы жүлдесіз қалды: үшінші орын үшін өткен матчта Англия құрамасына жол берді.

2026 жылғы "Алтын доп" қашан тапсырылады?

"Алтын доп"-2026 марапаттау рәсімі бір аптадан кейін, 26 қазанда, Англияның Лондон қаласында өтеді. Қазіргі таңда жүлденің иегері - 2025 жылдың қорытындысы бойынша марапатқа ие болған ПСЖ мен Франция құрамасының шабуылшысы Усман Дембеле.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport