Франция құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Усман Дембеле 2026 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" жүлдесі тағы да париждік клуб футболшысына бұйыратынына сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дембеле ПСЖ ойыншысы жүлдені алатынына сенімдіУсман биылғы "Алтын доп" иегеріне қатысты интрига ұзаққа созылмайтынын айтты. Франциялық шабуылшының пікірінше, жүлде ПСЖ футболшыларының біріне беріледі.
Чемпиондар лигасындағы екінші кубок және Франциядағы 14-ші чемпиондық"Бұл мәселе бойынша қандай да бір белгісіздік болады деп ойламаймын. "Алтын допты" ПСЖ ойыншысы алады", - деп береді Дембеленің сөзін L'Equipe.
Өткен маусымда париждіктер Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңіп алып, Франция чемпионы атағын 14-ші рет иеленді.
Еске салайық, Усман Дембеле 2025 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған болатын.
Бұған дейін Дембеле 2026 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлердің үштігін атаған еді. Оның тізіміне басқа клубтардың өкілдері де енген.