Футбол
Бүгін 09:24

"Алтын доп"-2026-ға басты фавориттер анықталып суреттері жарияланды

© instagram.com/ballondorofficial

Франциялық L’Équipe басылымы 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесіне басты бес үміткер атап, фавориттердің суреттерін жарияланымының бірінші бетіне орналастырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кейн, Месси және Ямаль - фавориттер қатарында

Басылым нұсқасы бойынша беделді жеке жүлдеге басты үміткерлер қатарында мюнхендік "Баварияның" англиялық шабуылшысы Харри Кейн, америкалық "Интер Майами" клубының аргентиналық форварды Лионель Месси және каталондық "Барселонаның" испаниялық вингері Ламин Ямаль бар.

Сонымен қатар үздік бестікке Франция құрамасының капитаны әрі мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Килиан Мбаппе және оның отандасы, қазіргі "Алтын доп" иегері, "Пари Сен-Жермен" ойыншысы Усман Дембеле енді.

Жылдың басты турнирлеріндегі үздіктер тізімде жоқ

Алайда бірқатар танымал үміткер бұл тізімге енбеген. Атап айтқанда, фавориттер қатарында Испания құрамасының капитаны әрі "Барселонаның" жартылай қорғаушысы Родри Эрнандес жоқ. Ол 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы деп танылған еді.

Сондай-ақ ПСЖ-ның грузиялық қанат ойыншысы Хвича Кварацхелия да үздіктер қатарынан табылмады. Ол Чемпиондар лигасының өткен маусымындағы ең үздік футболшы атанған.

Марапаттау рәсімі Лондонда өтеді

2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл беделді футбол сыйлығы тарихындағы 70-ші марапаттау рәсімі болмақ.

Жеңімпаз ФИФА рейтингіндегі алғашқы жүздікке кіретін елдер атынан дауыс беретін 100 журналистің таңдауы бойынша анықталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport