Әліптің Ресейде екінші титул алғаны ерекше видеоға түсті

©Зенит ФК

Нұралы Әліп ойнайтын "Зенит" клубы Ресей Суперкубогін ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Санкт-Петербург қаласының басты командасы финалда Мәскеудің "Спартагынан" басым түсті. Ал Әліп болса ресейлік ұжым сапында екінші кубогін иеленді.

Бір қызығы Ресей футбол одағы финалдық матчта төрешілердің қалай жұмыс істегенін видео арқылы көрсеткен. Төменде әділ-қазылардың ойынға дейін және ойын кезінде өз қызметтерін қалай атқарғанын тамашалауға болады.

Еске салайық, "Қайрат" қорғаушысы "Зенитке" 2022 жылдың соңына дейін жалға берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport