Футбол
27 қыркүйек 2022 01:18

Әліптің орнына шыққан қазақстандық қорғаушы тарихта қалды

©kazfootball

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Ұлттар лигасында Әзірбайжан командасына ойында алаңға шығып, құрама сапында ең көп доп тепкен 3 футболшының қатарына кірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

32 жастағы қорғаушы 39-минутта Нұралы Әліп қызыл қағаз алған соң алаңға шықты. Бұл Малыйдың "қаршығалар" сапындағы 60-кездесуі болды.

Қазақстан құрамасында ең көп матч өткізген ойыншылар тізімі:

1. Самат Смақов 76 ойын.

2. Руслан Балтиев 73 ойын.

3. Сергей Малый 60 ойын.

4-5. Нұрбол Жұмасқалиев пен Юрий Логвиненко 58 ойын.

Еске салайық, Ұлттар лигасында топтағы соңғы матчын өткізген Магомед Әдиев шәкірттері Бакуде Әзірбайжан құрамасынан 3:0 есебімен ұтылды. Алайда турнирді 13 ұпаймен аяқтап, С лигасынан В лигасына жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport