Әліптің командасы Зайнутдиновтың клубын ірі есеппен ұтты

©ЦСКА

"Зенит" клубы "Пари Премьер Кубогі" турнирінде ЦСКА ойыншыларын ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Мәскеудегі матчта қонақтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Алексей Сутормин дубль (39, 67 мин) авторы атанса, 77-минутта Андрей Мостовой командасының үшінші голын соқты.

Бұл ойында Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) пен Нұралы Әліп ("Зенит") негізгі құрамда алаңға шыққанын айта кеткен жөн.

Зайнутдинов 69-минутта алаңда орнын тың командаласына берді. Ал 55-минутта сары қағаз алған Әліп алаңнан 74-минутта кетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport