Әліптің агенті қазақ футболшы ресейлік клубтан кетуі мүмкін екенін жасырмады

©fc-zenit.ru

Ресейлік "Зенит" клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің агенті Сослан Касабиев футболшы басқа командаға кетуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Metaratings.ru.

"Футболшы үнемі негізгі командада ойнағысы келтіні түсінікті, Әліп әлі жас болғандықтан бәсекеге түсіп, өзінің құрамда болуға лайықты екенін дәлелдей береді. Ал егер ойын уақытымен жағдай өзгермесе, басқа клуб қарастырамыз. 

Оған сұраныс бар, командасыз қалмайтынын анық. Бірақ "Зенитте" мықтап орныққан жақсырақ болар еді. Өйткені клуб ұзақ уақыт бірінші орында келеді, сондықтан бәсекелі ортада ол мықты футболшы бола алады", - дейді Касабиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport