Нұралы Әліп жаңа маусымда алғаш рет "Зенит" сапында негізгі құрамда алаңға шығып жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ресей Кубогінің аясында "Зенит" өз алаңында "Факелді" қабылдады. Матео Кассерра (23, 34 минут) дубль жасап, питерліктер жеңіске жетті.
Бұл ойында Қазақстан құрамасының қорғаушысы маусымда алғаш рет толыққанды 90 минут ойнап шықты.
Еске салайық, В тобында "Зенит" пен "Факелден" бөлек, Мәскеудің "Спартагы" мен "Крылья Советов" өнер көрсетеді.