2022/23 жылғы Чемпиондар лигасының маусымында ресейлік "Зениттің" орнын басатын команда анықталды, деп хабарлайды УЕФА.
Дүйсенбі күні УЕФА Ресейдің командаларын алдағы маусымдағы еурокубок ойындарынан шеттеткенін хабарлады. Келер маусымда Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Ресейдің атынан "Зенит" ойнау керек болатын.
Бірақ УЕФА қойған санкциядан кейін "Зениттің" орны Шотландия чемпионына бұйырды. Қазір топтық кезеңге тікелей жолдама үшін "Селтик" пен "Рейнджерс" таласуда. Шотландия чемпионатының аяқталуына үш тур бар. Бүгінгі таңда "Селтик" 86 ұпаймен бірінші орында болса, "Ренджерс" 80 ұпаймен екінші келеді.
Еске салайық, "Зенит" сапында "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ойнайды. Ресейлік команда оны жыл соңына дейін жалға алды.