"Қайрат" және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқап "Зенит" командасының бірнеше футболшысынан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Sport 24 порталы.
Коронавирус қорғаушылар - Ярослав Ракицкий мен Вячеслав Караваевтан анықталды. Бұл футболшылар Әліп секілді "Зенит" командасының "Эмирейтс" ұжымына қарсы жолдастық кездесуіне қатыспады.
Ал alataufans_ ақпараты бойынша, аталған кездесуге Әлім қызуының көтеріліп кетуіне байланысты қатыспаған.
Жолдастық кездесу 3:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына аяқталды. Енді БАӘ жерінде дайындалып жатқан "Зенит" келесі кездесуін 22 қаңтар күні болгариялық "Ботевке" қарсы өткізеді.
Осыған дейін команданың бас бапкері Сергей Семак Әліптің өнеріне байланысты өз ойын айтқан еді.