Хаби Алонсо жетекшілік ететін лондондық "Челси" Англия премьер-лигасының (АПЛ) бірінші турында "Фулхэмді" ұтты. "Крэйвен Коттедж" стадионында өткен кездесу алаң қонақтары пайдасына 3:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Челси" маусымды жеңістен бастадыЕсеп бірінші минутта-ақ ашылды. Жоао Педро мүмкіндікті сәтті пайдаланып, "Челсиді" алға шығарды."Фулхэм" тез есін жиып, 23-минутта есепті теңестірді. Гол авторы - Джош Кинг.
Бірінші тайм аяқталар тұста "Челси" қайтадан алға шықты. 41-минутта Морган Роджерс алаң иелерінің қақпасын дәл көздеп, есепті 2:1-ге жеткізді. Екінші таймның басында "Челси" басымдығын еселей түсті. 49-минутта Коул Палмер командасының үшінші голын соқты.
"Фулхэм" берілмей, бес минуттан кейін есеп айырмасын қысқартты. 54-минутта Гонсало Гарсия қонақтардың қақпасын дәл көздеді. Алайда алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.
Осылайша "Челси" 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Бұл матч Хаби Алонсо мен Альваро Арбелоа үшін АПЛ клубтарының бас бапкерлері ретіндегі алғашқы кездесу болды.
Испаниялық мамандар өткен маусымда кезек-кезек мадридтік "Реалды" басқарған еді.
Келесі турда "Фулхэм" 30 тамызда сырт алаңда "Сандерлендпен" кездеседі. Сол күні "Челси" өз алаңында "Брайтон энд Хоув Альбионды" қабылдайды.