Мадридтік "Реалдың" жаңадан тағайындалған бас бапкері Хаби Алонсоға қажетсіз бес футболшының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хаби Алонсо бір айдан кейін Карло Анчелоттидің орнына мадридтік клубтың бас бапкері қызметіне кірісіп, команданы Клубтық әлем чемпионатына бастап апарады.
Қазірдің өзінде жаңа бапкерге арнап бірнеше ойыншының трансфері жасалды. Ағылшын футболшысы Трент Александер-Арнольдпен келісімшартқа қол қойылды. Испаниялық Дин Хейсен ресми түрде таныстырылды, ал жас қорғаушы Альваро Каррерас сол қапталдағы қорғаушы позициясына басты үміткер саналады. Алдағы айларда тағы да бірнеше трансфердің жүзеге асуы күтілуде.
Алайда TRC дерегінше, Хаби Алонсоның жүйесінде бес ойыншының болашағы күмән тудырып тұр. Олардың көпшілігі күткендей есімдер болғанымен, біреуі — тосын жаңалық.
"Реалдан" кетуі мүмкін 5 ойыншы:
1. Родриго
Бразилиялық шабуылшы Родриго клубтан кетуге жақын. Бұл маусымда сенім үдесінен шықпай, басшылықтың үмітін ақтамады. Ал Хаби Алонсо 4-4-2 жүйесінде ойнауды жоспарлап отыр, онда Винисиус Жуниор мен Килиан Мбаппе негізгі шабуылшылар болатыны күтіледі. Мұндай жағдайда Родриго тіпті өткен маусымдағыдай мүмкіндікке де ие болмауы мүмкін.
2. Давид Алаба
Австриялық Алабаның басты мәселесі — өте жоғары жалақысы (клубтағы үшінші орын). Ол бұл қаражатты ақтамай отыр. Енді Хейсен, Рюдигер және Асенсио жаңа бапкердің негізгі үштігіне айналуы мүмкін.
3. Ферлан Менди
Сол қапталдағы қорғаушы Менди де өз орнынан айырылуы ықтимал. Ол қорғаныста сенімді болғанымен, шабуылға аз араласады, ал Хаби Алонсо керісінше, белсенді фулбэктерді ұнатады. Бұл тұрғыда Каррерас одан тиімді көрінеді.
4. Дани Себальос
Себальос маусым ортасында жақсы формада болғанымен, жарақаттан кейін бұрынғыдай сенімді ойынын жоғалтты. Қазір ол тұрақсыз ойын деңгейіне қайта оралғандай.
5. Эдуардо Камавинга
Бұл тізімдегі ең күтпеген есім — Камавинга. Иә, ол бұл маусымда жарқырай алмады, бірақ оның болашағы бұлыңғыр деп ешкім ойламаған. Алонсо жаңа жартылай қорғаушыларды алуды жоспарлап отырса, Камавинга өз орнын жоғалтуы мүмкін.
Жарнама