1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 18:43
 

Алонсо "Реалдан" кетерінде құтылу керек ойыншыны Переске шұқып тұрып көрсетіпті

  Пікірлер

blog.share

Алонсо "Реалдан" кетерінде құтылу керек ойыншыны Переске шұқып тұрып көрсетіпті ©"Реал" ФК

Мадридтік "Реалмен" қоштасар алдында Хаби Алонсо клуб басшылығына болашақ құрамға қатысты қатаң ұсыныс жасаған екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Реалмен" қоштасар алдында Хаби Алонсо клуб басшылығына болашақ құрамға қатысты қатаң ұсыныс жасаған екен, деп хабарлайды Vesti.kz.

Fichajes дерегінше, Алонсо кетпей тұрып-ақ Джуд Беллингемді жобаның әрі қарай дамуына қауіп төндіруі мүмкін ойыншы ретінде атап өткен.

Алонсоның пікірінше, жеке шеберлігі жоғары болғанымен, ағылшын футболшысы әрдайым командалық модельге үйлесе бермейді. Мамандардың айтуынша, Беллингемнің ойыны жеке әрекеттерге жиі негізделеді, бұл өз кезегінде ортаңғы алаңдағы тепе-теңдікке, ойын қарқынына, өзара байланысқа және қорғаныс құрылымына кері әсер етуде.

Тағы бір мәселе ретінде ойыншының киім ауыстыратын бөлмедегі қиқарлығы айтылды. Бапкер Беллингемнің жеке бастаманы жиі алға тартып, ұжымдық жұмысқа емес, өз ойынына басымдық беретінін атап өткен.

Кейінгі апталардағы ойын мәнерінің нашарлауы жағдайды одан әрі ушықтырды. Осының аясында футболшы мен бапкерлік штаб арасында мәселеле туындап отыр.

Алонсо ойыншының өзімшілдігі артып, оның айналасы Беллингемнің қазіргі бабына қарамастан "Реалдың" негізгі құрамындағы орнын кепілдендіруді талап еткенін де айтып өтті.

Нәтижесінде Алонсо "Реал" президенті Флорентино Переске ағылшын футболшысын алдағы жазда сатуды ұсынған. Оның пікірінше, Ағылшын премьер-лигасы клубтарының жоғары қызығушылығы "Реалға" қаржылық тұрғыдан тиімді мәміле жасап, түскен қаражатты құрамды теңгерімді түрде күшейтуге бағыттауға мүмкіндік береді.


Джуд Беллингем "Реалға" 2023 жылы дортмундтық "Боруссиядан" ауысып, алты жылдық келісімшартқа қол қойған. Трансфер құны бонустарды қоса есептегенде 133,9 миллион еуроға бағаланады.

Алғашқы маусымында ағылшын футболшысы "Реал" сапында бес трофей жеңіп алды, оның ішінде Испания чемпионаты мен Чемпиондар лигасы бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!