1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:21
 

Алонсо "Реалда" жүргенде көз тіккен қорғаушыны енді "Челсиге" тартпақ

  Пікірлер

blog.share

Алонсо "Реалда" жүргенде көз тіккен қорғаушыны енді "Челсиге" тартпақ ©Depositphotos/Musiu0

Лондондық "Челси" алдағы трансферлік кезеңде қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб туриндік "Ювентус" қорғаушысы Андреа Камбьязоға көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Лондондық "Челси" алдағы трансферлік кезеңде қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Клуб туриндік "Ювентус" қорғаушысы Андреа Камбьязоға көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, бұл трансфердің бастамашысы – "Челсидің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо. Испаниялық маман футболшының мүмкіндігін жақсы біледі және бұған дейін мадридтік "Реалда" жұмыс істеген кезде де Камбьязоны өз командасына алдыруға тырысқан. Енді ол бұл идеяны лондондық клубтағы жаңа жобасында жүзеге асырмақ.

26 жастағы Андреа Камбьязо "Ювентус" сапында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен жасалған келісімшарты 2029 жылдың маусым айына дейін жарамды.

Осы маусымда қорғаушы барлық турнирде 45 матч өткізіп, үш гол соқты және бес нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталының бағалауынша, футболшының нарықтық құны шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Еске салайық, Хаби Алонсо 2025 жылдың маусымынан 2026 жылдың қаңтарына дейін "Реалдың" бас бапкері қызметін атқарған болатын. Ал "Челсидегі" жұмысына ол 2026 жылдың жазында ресми түрде кіріседі. Маманмен жасалған келісімшарт төрт жылға есептелген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!