Хаби Алонсо бас бапкер ретінде "Реалдағы" алғашқы ойынын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында "Реал" Сауд Арабиясының "Әл-Хилал" командасымен кездесті.
Майамиде өткен матчта 1:1 есебі тіркелді. "Корольдік клуб" сапында Гонсало Гарсия гол соқса, араб командасынан Рубен Невеш пенальтиден есепті теңестірді.
Ойын аяқталар тұста Федерико Вальверде пенальтиден мүлт кетіп, командасына жеңіс сыйлай алмады.
Келесі турда "Реал" Мексиканың "Пачука" командасымен кездеседі.
Жарнама