1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:34
 

Алонсо кетісімен "Реал" жаңа бапкерді тағайындады

  Пікірлер

blog.share

Алонсо кетісімен "Реал" жаңа бапкерді тағайындады ©

"Реал" клубы Альваро Арбелоаның бірінші команданың жаңа бас бапкері ретінде тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

blog.share

"Реал" клубы Альваро Арбелоаның бірінші команданың жаңа бас бапкері ретінде тағайындалғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz.

 "Реалдың" жаңа бас бапкердің жетекшілігімен алғашқы ойыны сәрсенбі, 14 қаңтарға жоспарланған. Бұл күні мадридтіктер Испания Кубогінің 1/8 финалы аясында "Альбасетеге" қарсы алаңға шығады.

Арбелоаның тағайындалғаны туралы клуб Хаби Алонсомен қоштасқаннан кейін көп ұзамай хабарлады. Бірінші командаға көтерілмей тұрып, испаниялық маман астаналық грандтың қосалқы құрамы - "Реал Мадрид Кастильяны" жаттықтырған.

Арбелоа 2020 жылдан бері "Реалдың" бапкерлік жүйесінде жұмыс істеп келеді және клуб академиясындағы барлық сатылардан өткен. Ол 2020/21 маусымында Infantil A командасын чемпион атандырды, кейін 2021/22 маусымында Cadete A-ны басқарды, ал 2022 жылдан 2025 жылға дейін Juvenil A командасын сәтті түрде жаттықтырды.

Осы деңгейде Арбелоа 2022/23 маусымында требл жасады — чемпионатта, Испания Кубогында және Чемпиондар кубогында жеңіске жетті, сондай-ақ 2024/25 маусымында да чемпион атанды.

Ойыншылық мансабында Арбелоа мадридтік "Реалдың" алтын дәуірінің дәл ортасында болды. Ол 2009 жылдан 2016 жылға дейін клуб намысын қорғап, 238 ресми матчқа қатысып, сегіз трофейдің иегері атанды. Оның қоржынында Чемпиондар лигасындағы екі жеңіс, клубтық әлем чемпионы атағы, УЕФА Суперкубогі, Ла Лига чемпионы, екі Испания Кубогі және ел Суперкубогі бар.

Арбелоа Испания құрамасының сапында да жарқын із қалдырды, ол команданың аңызға айналған буынының өкілі болды. Ұлттық құрамада ол Оңтүстік Африка Республикасында өткен 2010 жылғы әлем чемпионатын және 2008 бен 2012 жылдардағы Еуропа чемпионаттарын жеңіп алып, құрама сапында 56 матч өткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!