Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо франциялық шабуылшы Килиан Мбаппенің Испания Суперкубогінің финалында "Барселонаға" қарсы матчте негізгі құрамға қосылатынын растады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шабуылшы сіңірін созып алғандықтан біраз уақыт командамен ойнамады. 27 жастағы футболшы жартылай финалдағы "Атлетикомен" (2:1) өткен мадридтік дербиге қатыса аламады, бірақ, шешуші матчта командасына көмектесуге дайын.
"Мбаппе ертең Сауд Арабиясына ұшып келеді. Өзін әлдеқайда жақсы сезініп отыр, жақсы көңіл-күйде және басқа ойыншылармен теңдей ойнау мүмкіндігі бар", - деді Алонсо Mundo Deportivo басылымына.
Осы маусымда Мбаппе "корольдік клуб" сапында барлық турнирлерде 24 матч өткізіп, 29 гол соғып, бес нәтижелі пас берді. Transfermarkt франциялықтың құнын 200 миллион еуро деп бағалайды. Осылайша, ол норвегиялық "Манчестер Сити" шабуылшысы Эрлинг Холанд және "Барселона" вингері Ламино Ямалмен бірге әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі болып саналады (бәрі де 200 млн).
Жарнама