Алматылық "Қайрат" футзал клубы бразилиялық қақпашымен қош айтысты

Сурет: "Қайрат" АФК

Алматылық "Қайрат" футзалдық клубы қақпашы Дуду командадан кеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық голкипер келісімшарты аяқталғандықтан кетті. 

Дуду "Қайрат" сапына 2017/18 жылғы маусым алдында қосылған. Алматылық командамен ол Қазақстан чемпионаты мен кубогын төрт рет жеңіп алып, Еременко кубогын иеленген және Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанған. 

Еске салайық, Дуду коронавируске байланысты Чемпиондар лигасына қатыса алмады. 

Метки: