Футбол
21 қыркүйек 2017 15:09
 
Алматылық әйел "Қайрат" футболшысын сот арқылы алимент төлеуге міндеттеді

  Пікірлер

blog.share

Алматылық әйел "Қайрат" футболшысын сот арқылы алимент төлеуге міндеттеді

Қазақстандық әйел "Қайрат" шабуылшысы Ж.Г.-ны баласын асырау үшін алимент төлету мақсатында сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сондай-ақ футболшы қарсы арыз берді, ол алимент мөлшері табысының 1/14 бөлігін беру жайында талап қойды. 

Алматы қалалық соты Tengrinews.kz сауалына жауап ретінде, қазақстандық әйел сот отырысында футболшымен мәмілеге келгенін жазды. Мәмілеге келу шарты мынадай болды: жәбірленуші қыз өз арызын қайтарып алады, ал легионер әйелге жазған қарсы арызынан бас тартты. 

"Екі жақ олардың ортақ баласы арыз берушімен тұруына келісім берді. Арызданушы мекен-жайын ауыстырған жағдайда алдын ала хабарлауға тиіс. Жауап беруші, баламен бірге тұрмаса да онымен байланыс орнатуға, тәрбиелеуге ат салысуға оның білім алуы және басқа да мәселелер бойынша шешім шығаруғақұқығы бар. Жауап беруші баланың кәмелетке толғанға дейін әр айдың 10-на дейін 3 000 АҚШ долларын арыз берушінің есеп шотына жіберіп тұрады. Мәмілеге келу екі жақты шешілді және заңға қайшы емес", - деді Алматы облыстық сотының өкілдері. 

Сот шешімі бойынша екі жақ мәмілеге келді. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Жарнама

Живи спортом!