Мадридтік "Реал" шабуылшысы және Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда алматылық "Қайраттың" қақпасына хет-трик жасағаннан кейін "Алтын доптың" басты фавориті атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әлемдегі ең ірі футбол парақшаларының бірі 433 Football франциялық шабуылшының осы маусымдағы әсерлі көрсеткіштерін атап өтті:
"Клуб пен құраманың сапында 11 матчта - 15 гол + 2 нәтижелі пас! Пенальтиден - 5/5, 100 пайыздық дәлдік. "Алтын доп"-2026?", - деп жазды авторлар әлеуметтік желіде.
Еске салайық, Алматыда өткен матч алаң иелерінің ірі жеңілісімен аяқталды - "Реал" 5:0 есебімен ұтты.