1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
1 қазан 09:07
 
Алматыда ойран салған Мбаппе бірден "Алтын допқа" ұсынылды

  Пікірлер

blog.share

Алматыда ойран салған Мбаппе бірден "Алтын допқа" ұсынылды ©x.com/realmadrid

Мадридтік "Реал" шабуылшысы және Франция құрамасының капитаны Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда алматылық "Қайраттың" қақпасына хет-трик жасағаннан кейін "Алтын доптың" басты фавориті атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлемдегі ең ірі футбол парақшаларының бірі 433 Football франциялық шабуылшының осы маусымдағы әсерлі көрсеткіштерін атап өтті:

"Клуб пен құраманың сапында 11 матчта - 15 гол + 2 нәтижелі пас! Пенальтиден - 5/5, 100 пайыздық дәлдік. "Алтын доп"-2026?", - деп жазды авторлар әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Алматыда өткен матч алаң иелерінің ірі жеңілісімен аяқталды - "Реал" 5:0 есебімен ұтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!