Алматыда "Каспий" футболшыларын тонап кетті
"Жетісумен" 14-ші тур ойнына Талдықорғанға барар жолда "Каспий" футболшыларының заттарын ұрлап кеткен. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлады.
"Жетісумен" 14-ші тур ойнына Талдықорғанға барар жолда "Каспий" футболшыларының заттарын ұрлап кеткен. Бұл туралы журналист әрі инсайдер Айдын Қожахмет телеграм арнасында хабарлады.
Алматыдан транзитпен өтіп бара жатқан футболшылар әуежайда жүктерін алғанда, сөмкелерінің ашылғанын байқаған.
"Әлбетте полицияға арыз жазды, бірақ, олардан бір нәтиже күтіп керек емес болар: Алматы әуежайының қызметкерлері бас тартып отыр, Air Astana болса жүк үшін ешқандай жауапкершілігі жоғын айтады.
Цуцкичке обал. Қыста оны ақтаулықтардың бұрынғы менеджері "лақтырды". Футболшы командасыз қала жаздады, оны соңғы сәтте болмашы айлыққа алды - айына 500 доллар шамасы. Сондықтан жаңа бутсыны Ақтауда кимей, сақтап жүрген. Жаман газонда құртылады деп. Осы Талдықорғандағы ойында кимек еді. Ал енді қараңыз...", - деп жазады Айдын.
Жарнама