1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
8 қыркүйек 16:03
 

Алиевтің орнына Қазақстан құрамасына келетін бапкердің есімі аталды

  Пікірлер

blog.share

Алиевтің орнына Қазақстан құрамасына келетін бапкердің есімі аталды ©ҚФФ, Алексей Сейсенбин

Ресейлік журналист Александр Троицкий футболдан Қазақстан құрамасының Бельгиядан ойсырай ұтылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік журналист Александр Троицкий футболдан Қазақстан құрамасының Бельгиядан ойсырай ұтылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 6-турындағы матч Брюссель қаласында өтіп, алаң иелері 6:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойыннан кейін Әли Әлиев бас бапкер қызметінен кететінін мәлімдеді.

"Күткендей-ақ болды. Бельгиядан 0:6 есебімен ұтылғаннан кейін Әлиев отставкаға кетті.
Бұрын да жазғанмын – енді шетелдік маман келеді деп ойлаймын. Басымдықта – Вайсс. Стоилов та тзіміде", – деп жазды ол өзінің телеграм-арнасында.

Еске салайық, Әли Әлиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне биыл мамыр айында тағайындалған болатын. Ол бұл қызметке ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнына келген.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 10 қазанда өз алаңында Лихтенштейнге қарсы өткізеді.

J тобының турнирлік кестесі:

1. Солтүстік Македония – 11 ұпай (5 матч)
2. Бельгия – 10 ұпай (4 матч)
3. Уэльс – 10 ұпай (5 матч)
4. Қазақстан – 3 ұпай (5 матч)
5. Лихтенштейн – 0 ұпай (5 матч).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!