Футбол туралы жазатын Give Me Sport порталы әлемнің ең үздік 20 бапкерінің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тізім бірнеше факторға сүйене отырып жасалды: жеңіп алған трофейлер саны, соңғы жетістіктер, қызметтегі тұрақтылық және маманнан күткен нәтижеге жете алу.
Рейтингтің көшін ағылшындық "Манчестер Сити" командасын жаттықтыратын испаниялық маман Хосеп Гвардиола бастады.
Әлемдегі үздік 20 бапкердің тізімі:
Хосеп Гвардиола (Испания) – "Манчестер Сити"
Луис Энрике (Испания) – "ПСЖ"
Арне Слот (Нидерланды) – "Ливерпуль"
Симоне Индзаги (Италия) – "Аль-Хиляль"
Карло Анчелотти (Италия) – Бразилия құрамасы
Ханс-Дитер Флик (Германия) – "Барселона"
Антонио Конте (Италия) – "Наполи"
Хаби Алонсо (Испания) – "Реал"
Диего Симеоне (Аргентина) – "Атлетико"
Микель Артета (Испания) – "Арсенал"
Унаи Эмери (Испания) – "Астон Вилла"
Лионель Скалони (Аргентина) – Аргентина құрамасы
Дидье Дешам (Франция) – Франция құрамасы
Томас Тухель (Германия) – Англия құрамасы
Юлиан Нагельсман (Германия) – Германия құрамасы
Луис де ла Фуэнте (Испания) – Испания құрамасы
Джан Пьеро Гасперини (Италия) – "Рома"
Эдди Хау (Англия) – "Ньюкасл"
Нуну Эшпириту Санту (Португалия) – "Ноттингем Форест"
Лучано Спаллетти (Италия) – Италия құрамасының бұрынғы бапкері.
Жарнама